Қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында ҚР ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігінің 2, 3-тармақтарымен  азамат К. қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2013 жылдың 29 шілдесінен бастап  2015 жылдың 30 сәуіріне дейін, сотталушы К. Шалқар ауданына қарасты бір селолық округте орналасқан пошта байланыс бөлімшесінде оператор болып  жұмыс істеп, өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы тұрғылықты азаматардың «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на  салымшы ретінде салған ақшаларын, олардың есеп шотына түсірмей, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті, яғни салымшылардың 510 000 ақшасын иемденіп, ұрлаған.

Сот отырысында жәбірленушілер сотталушыға кешірім беріп, татуласқандарын айтып, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен қылмыстық іс қысқартылып, аталмыш тұлға жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі