Cот ауруханадан мүгедек баланың пайдасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін қалалық  мемлекеттік ауруханалардың  біріне анасының талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

 Істің мәні

Талап қоюшы 2019 жылы туған кәмелетке толмаған баланың анасы болып табылады. 2023 жылдың маусым айында  баланың   үй жағдайында  бөксе , жамбас,  және аяқтары аймағынан қайнаған сумен денесін күйік шалып, жедел жәрдеммен  аурухананың жансақтау  бөліміне жеткізілді.

Денесінің термиялық күйігі  26-28% құрайтын диагноз қойылды.

Ауыр күйік алған балаға "аутодермопластика" отасы  қажет болды. Алайда, баланың ауруханада болған уақытында (24.06-дан 24.07-ге дейін) ота аппараттың, атап айтқанда "дерматомадағы"батареяның дайын болмауына байланысты жүргізілмеген.

Жүргізілген  тексеру жұмыстары  дерматоманың  болмауына байланысты бөлімше дәрігерлерінің балаға ота  жасауға техникалық мүмкіндігі болмағанын анықтады. Бас дәрігердің орынбасарына медициналық аппаратты аккумулятормен уақтылы қамтамасыз етпегені үшін ескерту жарияланды.

 Талап қоюшы ауруханадан шығып, Ресей, Түркия және Алматы қалаларындағы ауруханаларға жүгінуге мәжбүр болды. 2023 жылдың 26 шілдесінде Орынбор қаласында ота жасалды. Балаға 7 жасқа дейінгі мүгедектік белгіленді.

Ауруханада күйікке қарсы төсек, көп компонентті жақпа, операция жасау үшін дерматом препаратына арналған батареялардың жоқтығын, балаға ауырсынуды басатын дәрілерсіз таңу жүргізілгенін көрсете отырып, талап қоюшы материалдық және моральдық зиянды өндіріп алу туралы арызбен сотқа жүгінді.

Сотта анықталды

Сотта жауап алынған маман балалар ортопед-травматологы баланың жасындағы күйік аймағы өмірге қауіп төндіретінін түсіндірді. Егер өте жұқа тері бар аяқтың артқы жағы 3-дәрежелі күйіп қалса, операция уақтылы жасалмаса, бұл тыртық процесін тудырады және мүгедектікке әкелетіні айтылды. Емдеу мерзімі кешіктірілген жағдайда, күйік соққысынан шыққан бала дене қызуының жоғарылауымен,  денені уландырумен көрінетін күйік ауруының күйіне өтеді.

Дұрыс терапиямен баланың мүгедектігін болдырмауға немесе азайтуға мүмкіндік болды. Сонымен қатар, маман баланың психикасына әсер етуге жол бермеу үшін балаларға  ауыр жарақатты жалпы анестезиямен таңу керек екенін түсіндірді.

 

Мұндай жағдайларда сот сотталушыға білікті медициналық көмек көрсететін арнайы субъект ретінде мұндай бұзушылықтарға жол берілмеуге тиіс деген қорытындыға келді, өйткені медицина азаматтардың әл-ауқаты үшін маңызды рөл атқарады.

Соттың шешімі

Сапасыз көрсетілген қызметтердің салдарынан баланың басынан өткен физикалық және рухани  азаптарын ескере отырып, сот жауапкерден моральдық зиянды өтеу үшін 10 миллион теңге және 1 098 823 материалдық залал өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар суда жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі