Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «БИ» ЖШС-і «Актобе» СПК» НК» АҚ-нан қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «БИ» ЖШС-і «Актобе» СПК» НК» АҚ-нан 6 446 315 теңге көлемінде қарыз сома, 834 631 теңге көлемінде айыппұл және сот шығындарын өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

2014 жылдың 26 ақпанында талапкер мен «Актобе» СПК» НК» АҚ арасында келісім-шарт бекітілді, яғни жауапкердің тапсырысы бойынша талапкер «Ақтөбе облысының индустриалық аумағында шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау құрылысы және аумақтан тыс инженерлік жүйе құрылысы» объектісі бойынша жобалау тапсырысымен және шартпен анықталған жобалау және іздестіру жұмыстарын орындаған.

Талапкер шартпен өзіне жүктелген міндеттерді жауапкермен қол қойылған 15.10.2014 ж. №16 орындалған жұмыстар актісіне сай толық орындады. Алайда, жауапкер орындалған жұмыстың төлемін толық жүргізбеді.

Сот отырысында тараптардан бітімгершілік келісім бекіту туралы өтініш түсіп, оның шарттары бойынша жауапкер азаматтық іс бойынша талапкермен талап етілген мүліктік талап 6 446 315 теңгені 2016 жылдың 10 сәуіріне дейін толық төлейтінін, ал талапкер жауапкер шақырған бітімгершілік келісімге келісетіндігін, сонымен қатар айыппұл өндіру талабынан бас тартатындығын көрсеткен.

Сот ұйғарымымен «БИ» ЖШС-і мен «Актобе» СПК» НК» АҚ арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі