Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында №1,2 Бадамша орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары және ұстаздары үшін Ашық есік күні өткізілді.

Өз сөзінде төраға м.а. А.Шарипбаев аудандық сот тарихы, сот жүйесінде Ұлт Жоспары аясында жүргізіліп жатқан жаңашылдықтар және судьялық әдеп Кодексінің негізгі ережелері туралы айтып өтті.

А.К.Шарипбаев «Судьяның көмекшісі», «Түнгі сот» «Отбасылық сот» және «Виртуалдық сот» пилоттық жобаларының қолжетімділігімен тиімділігін ескере отырып, олардың артықшылықтары туралы толығырақ айтып берді. Төраға м.а. «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасына тоқталып, медиаторлардың жұмысы туралы түсіндірме беріп, Ащылысай селолық округінде ақсақалдар өз өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, әртүрлі дәрежедегі дауларды тараптарды татуластыратын «Билер кеңесі» құрылғанын атап өтті. Сонымен қатар, оқушыларға «TrueConf» мобильді бейнеконференцбайланысты қолданумен қаралған азаматтық іс бойынша сот отырысына қатысуға мүмкіндік берілді.

Оқушылар сот төрелігін жүзеге асыру барысымен жақыннан таныстырғандары үшін судьяға  алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралар олардың сот жүйесіне деген оң көзқарасын қалыптастырып, мамандық таңдауға көмегін тигізетінін айтты.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі