Ақтөбеде Ата заңымызды спорттық ойынмен ұлықтап, сот жүйесінің ардагерлеріне марапаттар көрсетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында сот жүйесінің ардагерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты іс-шараны ашқан облыстық соттың төраға міндетін атқарушы Дәмеш Әбдалі мемлекеттік мейраммен қатысқандарды құттықтап, негізгі Заңның мемлекет, қоғам және әр қазақстандықтың өміріндегі маңызын атап өтті. Әрекет етуші Конституцияның егемен Қазақстанның өмірі мен қызметі жолында оның тірегіне ие болып, уақыт талабына сай адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілі екендігін айтты.

Салтанатты іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Көп жылдық және жемісті жұмысы, сот жүйесінің дамуына маңызды үлесін қосқаны үшін төрағамен Ақтөбе облыстық сот және аудандық соттардың судьялар қатары  медальдармен, төсбелгілерімен марапатталды.

ҚР Президентінің «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен облыстық соттың төрағасы Е.Айтжанов, облыстық соттың судьялары: Ш.Иманиязова және Н.Сатыбалдина, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Жүсіпов, Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Сабыров марапатталды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің ардагері» медалімен отставкадағы судья Ж.Садықов, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Өмірбаева, ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен  Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев, ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының Құрмет грамотасымен Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Әбішева, Алғыс хатымен Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н.Аманқұлованы марапатталды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалімен Н.Примашев, Д.Абдали, Ж.Алишева, А.Балмуханов, Е.Канапиев, А.Мамбетов, К.Абжетов, А.Жамиев, М.Купенова, А.Абилгазина марапатталды.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен Шалқар аудандық сотының судьясы А.Маханбетов,  «Судьялар одағының Құрметті мүшесі» құрмет белгісімен отставкадағы судья Ж.Олжаш, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Құрмет грамотасымен облыстық соттың судьясы Ж.Мамбетова, Ырғыз аудандық сотының төрағасы А.Бисенғали, Алғыс хатымен Әйтеке би аудандық сотының судьясы М.Мұхамбетқалиев, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Молдағалиев марапатталды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Ақтөбе облыстық соты кеңсесінің басшысы Ә.Мәмбетов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының Құрмет грамотасымен облыстық соттың талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ә.Иманбекова, Алғыс хатымен Шалқар аудандық соты кеңсесінің бас маманы Б.Елеусенова марапатталды.

Бұл күні жоғарыда аталған марапаттардан басқа, облыстың бірқатар судьялары мен сот қызметкерлері облыстық сот төрағасы мен ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасынан және ҚР Заңгерлер Одағынан Құрмет грамотасы мен алғыс хаттармен марапатталды.

Мұндай бірқатар марапаттар судьялар мен сот қызметкерлерін жігерлендіріп, концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күйге ұласты. Ата Заңымыздың нығаюына өз үлестерін қосқан барлық сот жүйесінің ардагерлеріне сый-құрмет: концерттік бағдарлама көрсетіліп, гүлшоқтармен мен сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ, атаулы мереке спорттық ойынмен есте қалатын болды. Өйткені, мереке қарсаңында құқық қорғау органдары мен сот жүйесі командаларының қатысуымен бильярд ойынынан турнир өткізіліп, салтанатты шарада ойын қорытындысына сай І орынды иеленген облыстық сот, ІІ орынды кеңсе басшылығы, ІІІ орынды облыстық прокуратура командаларына дипломдар табыс етілді. Сонымен бірге, «Үздік партия» және «Қысқа партия» номинациялары бойынша Қ.Жақсығалиев пен Е.Байманов марапатталды.   

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі