Ақтөбе қаласының №3 сотында студенттерге ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №3 сотында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті құқықтану факультетінің 2 курс студенттеріне қазіргі заманауи жұмыс форматы мен жаңа электронды сервистердің презентациясымен ашық есік күні өткізілді.

Студенттерге үн-бейне жазбамен жабдықталған сот залдары, «SMART» сот пилоттық жобасының технологиясы, инфрақұрылыммен жабдықталған және мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи стандарттарына жауап беретін фронт - кеңсе, татуластыру рәсімдері мен отбасылық сот кабинеттері көрсетілді. Сонымен қатар, студенттер кеңсе мамандары және сот отырысы хатшыларының жұмысымен танысты.  

Сондай-ақ, сот судьясы Айсұлу Жумашева мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, судьяның жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аталған іс шара үшін алғыстарын білдірді. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі