Жаңалықтар

Бөтен мүлiктi талан-таражға салу фактісі бойынша үкім жарияланды

27/04/2016

Алға аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабының 3 бөлімі 1 тармағымен айыпталған Н.ға қатысты қылмыстық іс қаралды (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi қызметтік бабын пайдаланып ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу).

Әйтеке би аудандық сотында тергеу судьясы туралы сұрақтар талқыланды

27/04/2016

Әйтеке би аудандық сотында тергеу судьясымен Қылмыстық процестік кодексі қолдану және осы бағытта 2015 жылы бойынша талдау жасау сұрақтары бойынша семинар өткізілді.

Аталған семинарға сот төрағасы А.Әбдіров,  тергеу судьясы М.С.Мұхамбетқалиев, Әйтеке би  ауданының ІІБ-нің өкілдері, аудан прокуратурасының өкілдері және «Жаңалық жаршысы» газетінің өкілі қатысты.

«Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбындағы брифинг

27/04/2016

Хромтау аудандық сотында «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың  «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында брифинг өткілізді.

Брифинг барысында судья Е.Жеткерген, Қазақстан Республикасы ҚР ӘҚБтК 613 - бабының 1 – бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған, яғни ішкі істер органдарының көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау жөнінде М. қатысты әкімшілік іс бойынша ақпарат берді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

26/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Ж.Кунаевамен   Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен азамат К. қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді. 

Шалқар аудандық сотының судьясы жергілікті радиода сұхбат берді

26/04/2016

Шалқар  аудандық сотының  судьялары мен сот қызметкерлері  мемлекеттік қызметтің өң имджін қалыптастыру және жұртшылық арасында заңды түсіндіріп қүқықты насихаттау мақсатында радио желісі арқылы шығып, сұхбат береді.

Ақтөбе қалалық сотында онлайн режимде сот отырысы өткізілді

26/04/2016

Бүгінгі әлемде конституциялық құндылық заң үстемдігі ретінде оның ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде бекітетін көптеген елдердің ұлттық құқықтық жүйелердің даму стратегиялық бағыттарын айқындайды.

Мемлекет басшысы 100 нақты қадам ұлттық жоспары жолдауында сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығына аса көңіл аударған, оның ішінде 11 бағыты сот жүйесін жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталған.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

26/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Эврика» гәзетінің өкілінің қатысуымен қоғамдық қызығушылық туғызатын істер бойынша брифинг өткізілді.

Баяндамаларымен судьялар А.Жүсіпов, А.Имантаева сөз сөйледі.

Хромтау аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

26/04/2016

Хромтау аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Жаңа Азаматтық процестік кодексінде қамтылған  бітімгершілік келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Алматова, медиаторлар, адвокаттар,  аудан прокурорлары,  аудан Әкімі аппаратының және аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

«Төрелік» ақпараттық жүйесі тақырыбындағы семинар

26/04/2016

Алға аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйсі тақырыбында семинар өткізілді. 

Аталған семинар сабағына кеңсе меңгерушісі Р.Ташева және сот  мамандары қатысты.

Семинар барысында  Р.Ташева сот мамандарына «Төрелік»  ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері мен басымдықтары, есептік карточкаларды толтыру тәртіптері туралы айтты.

Беттер