Жаңалықтар

Әйтекеби аудандық сотымен ХҚКО-ның қызметкерлеріне көшпелі семинар өткізілді

15/06/2016

Әйтеке би аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында Әйтеке би аудандық сотының кеңсе бас маманы-сот отырысының хатшысы Г.Муратова ХҚКО-ның қызметкерлеріне және келушілерге  «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы көшпелі семинар сабағын өткізді.

Ойыл аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

15/06/2016

Ойыл аудандық  сотында МКҚБ ММ-нің полиция  қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы әрекет - өту режимін сақтау» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараның басты мақсаты - өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнаманы сақтау.

Жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жауапқа тартылды

14/06/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, азамат А. «Самара –Шымкент» тас жолында Қазақстан Республикасының Жол қозғалыс ережелерін бұзып, «Лада» автокөлігін басқарып келе жатып, өрлеудің соңында және көруі шектелетін жол учаскелерінде  жолдың қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығумен басып озып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Студенттермен кездесу өткізілді

13/06/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Болашақ»  колледжі «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

13/06/2016

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «MCS» ЖШС-і «К» ЖШС-нен қарыз соманы, сот шығындарын және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Іс материалдарына сәйкес, «MCS» ЖШС-і   «К» ЖШС-нен айыппұл соммасын  және  сот шығындарын өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

"Ашық есік күні" Қобда аудандық сотында

13/06/2016

Қобда аудандық сотында  жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Көкейкесті мәселесімен сот төрағасына   азамат  М. жүгініп, өзінің жүгінуінде  2000 жылғы шығарылымда маркасы «Opel Astra» автокөлігі оның атағында тіркелгендігі, бірақта қазіргі уақытта осы автокөлікті жауапкер К. пайдаланып отырғаның, оның автокөлікті қайтару туралы өтінішіне қайтармайтындығы туралы  айтты.

Қылмыстық іс бойынша медиативтік келісімге келді

13/06/2016

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қандыағаш қаласының тұрғыны азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 1-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) негізінде қылмыстық іс қаралды.

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

13/06/2016

2016 жылдың маусым айында Хромтау аудандық сотының судьясы  С.Жумашкинамен  «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» туралы тақырыпқа брифинг өткілізді.

«Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында брифинг өткізілді

13/06/2016

2016 жылдың  13  маусымында  Қобда аудандық сотында   «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында брифинг  өткізілді.

Брифингке сот төрағасы А.Анарбаев және «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбай   қатысты.

Беттер