Заңдылық пен сот төрелігінің сенімді кепілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осыдан жиырма жылдан аса уақыт бұрын Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Шекарасын құқықтық тұрғыда заңдастырып, тәуелсіздігін жария еткен кез келген мемлекетитің мақсаты- азаматтарына қолайлы жағдай туғызу, қауіпсіздігін сақтай отырып ертеңгі күнге деген сенімділігін арттыру. Азаматтардың өз Отанына деген сүйіспешілігі жоғары болғанда ғана елдің дамуында серпілістің, белсенділіктің байқалатыны анық.

Елбасы былтырғы Жолдауында ерекше тоқталып: «Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот пен тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі»,- деп нақты баға берді. Шындығында біздің бүгінгідей жетістікке жетуіміз - Ата Заңның пәрменділігінің арқасында. Заңы мықты елде соттың да, күштік құрылымдардың да беделі жоғары, соған орай, ондағы әр азаматтың өмірі бағалы.  Біздің әр қадамымызды еркін жасап, қай жағынан болсын мемлекеттің қамқорлығында болуымыз  Ата Заңнан бастап, өзге құқықтық құжаттарда нақты көрініс тапқан.

Қазақстандағы бір жүз елуден аса ұлт пен ұлысты бір ортада ұйытып отырған да, бір жүз қырықтан астам мемлекетпен тығыз қарым қатынас орнатуға құқықтық тұрғыда негіз болып келе жатырған да осы Ата Заңымыз.

Биылғы жылы қолданысқа енгізілген Қылмыстық, Қылмыстық Процестік кодекстері, бүгінде жан жақты талқыланып жатырған Азаматтық іс жүргізу кодексі өз бастауын осы Ата Заңнан алады. Және осы басты құжатты мәңгілік ету, пәрменін, ықпалын арттыру мақсатында қабылданады. Ал осы Заңдарды халыққа жеткізетін де, олармен іс жүзінде жұмыс жасайтын да – судьялар. Судьялар жұмысын Қонституциядан бөліп қарау мүмкін емес.

Шалқар аудандық сотының судьясы Сақыпжамал Дәріқұлова