СОТТАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ФОРМАТТАРЫН ЕНГІЗУ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 10 маусымда "Соттар жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға (бұдан әрі – заң) қол қойды.

Аталған заң ағымдағы жылдың 20 маусымында қолданысқа енгізілді.

Заңға енгізілген өзгерістерді негізгі үш бағытқа бөлуге болады: судьяның және процеске басқа да қатысушылардың іс жүргізу рөліне жаңа көзқарастар; іс жүргізу әрекеттерін оңтайландыру; сот ісін жүргізуді одан әрі цифрландыру.

1. Судьяның рөлі:

-судьяның жаңа өкілеттіктері: тараптармен істің мән – жайын талқылау; ресми өкіл-адвокатты тағайындау; өзінің бастамасы бойынша дәлелдемелерді талап ету, сот тапсырмасын жолдау;

-соттағы бітімгершілік рәсімдер: татуласуға қол жеткізілмеген кезде судьяны ауыстыру; медиация барысында ұсынылған дәлелдемелерді пайдалану; медиацияның техникалық құралдары; апелляциялық және кассациялық сатылардағы медиация.

2. Іс жүргізу әрекеттерін оңтайландыру:

-оңайлатылған іс жүргізуді кеңейту: егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – екі мың айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақшаны өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша істер тараптарды шақырусыз қаралатын болады;

-іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру туралы, шешімдегі қателерді түзету туралы, шешімді түсіндіру туралы, берілген ақша сомаларын индекстеу туралы, сот отырысының хаттамасына ескертулерді куәландыру туралы тараптарды шақырусыз қаралатын болады;

- формальды құжаттар алынып тасталады;

-артық сот рәсімдері қысқартылады: кеңес құпиясын сақтай отырып, судьяны кеңесу бөлмесіне шығару туралы ресми талап алынып тасталынды; жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді қайта қарау туралы арызды қабылдау ережесі жойылды;

-сот процесін жетілдіру: сот талқылауын кейінге қалдырудан үзіліс ажыратылды; судья болмаған кезде шешімді дайындау тәртібі реттелген; борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріп алу тәртібі анықталған; апелляциялық іс жүргізудің жекелеген мәселелері реттелген.

3. Сот ісін жүргізуді цифрландыру: бұйрық арқылы іс жүргізу және жеңілдетілген істер бойынша электронды формат; электронды формат нысанындағы дәлелдемелерді бағалау регламенттелді; процеске қатысушылардың техникалық құралдарды пайдалануы; ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып, сот процесіне қашықтықтан қатысу.

Кодекске енгізілген өзгерістердің ерекшелігі - бұл судьяның іс жүргізудегі рөлін айқындау, оған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қосымша өкілеттік беру және сот отырысын тиімді басқару.

 

 Ақтөбе облысы,

Қобда аудандық сотының төрағасы Жәнібек СЕЙТЖАПАРОВ