Сот жұмысына жаңа технологияларды қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ЕлбасыН.Назарбаевтыңсудьялар  съезіндесөйлегенсөзіндеазаматтардың сот жүйесінедегенсенімінарттыруға, сот өндірісінжаңартужәнежеңілдету, заңбұзушылыққажолбермеуіне, сот өндірісін жүргізуде үздік инновациялық технологияларды пайдалануға, толықтай «Электронды үкімет» жүйесі бойынша жұмыс жасауға көшу керектігіне айрықша тоқталған болатын.

Бұл маңызды тапсырманы орындауға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты  белсене кірісті.

Барлық соттарда ақпараттық-анықтамалық киоскілер ашылған. Осы киоск және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және облыстық соттардың сайттары арқылы кез келген азамат қаралатын істер тізімін, сот актілерін, соттардың сенім телефондарын, төрағалардың азаматтарды қабылдау, ашық есік күндерін көре алады, төрағаларға блог арқылы сұрақтарын қоя алады.

Сот саласында тағы бір жаңадан енгізілген технология ол бейнеконференцбайланыс жүйесі (видеоконференцсвязь). Қазақстан Республикасының әр аумағының сотталушылары қаладан ауданға жеткізілетін болса, қазіргі күні осы байланыс арқылы қашықтықта сот процесін жүргізуге, сұрақтар қоюға, жауаптар алуға мүмкіншілік бар. Соның арқасында барлық соттармен тікелей байланысқа шығып, түрлі жиналыстар мен дөңгелек үстелдерге, семинар сабақтар мен тренингтерге қатысып, сот процестерін бақылауға мүмкіндік туып отыр.

Жаңа технологияның бірі - ол сот процесін аудиобейнежазбаға жазу. Сот мәжілісі толық және жан-жақты төрт камераға жазылады, бұл сот процесін хаттамаға толығымен түсіруге мүмкіншілік береді, сондай-ақ іс бойынша жазылған процесс бірден бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесіне тіркеледі. Және осы жүйе арқылы қысқа хаттама түзуге болады. Бұл сот мәжілісінің хатшысының жұмысын жеңіл детеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және республика соттарының интернет-ресурстарында «Сот актілерімен танысу» және «Сот кабинеті» электрондық сервистік жүйелері енгізіліп қызмет көрсетуде. Екі сервиске Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының http://www.sud.kz  ресми сайттары арқылы пайдалануға болады.

«Сот құжаттарымен танысу»  сервисінің тиімділігі сотта істі қарау барысы туралы процеске қатысушыларға жедел хабарлау үшін арналған. «Сот кабинеті» сервисі электронды түрде Қазақстан Республикасы сот органдарының сервистері мен қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай жүйесі болып саналады.

Сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, азаматтардың күнделікті өмірінде және мемлекеттік билік органдарының жұмысында орныққан жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, бұл көптеген қолайсыздықтардан арылуға және уақыт пен қаржы ресурстарын аз жұмсау арқылы барынша тиімді жетістікке жетуге мүмкіндік береді.

Аталған жүйенің сервисі ЖСН немесе БСН және құпия сөз арқылы жүзеге асырылады.  Логин мен құпия сөзді сотқа қатысушы тараптар ұялы телефонына немесе электронды поштасына келіп түскен электронды хабарлама арқылы (СМС хабарлама)  біле алады. Жолданған өтініші тіркелген соң тарап оның қозғалысы туралы талон мен электронды хабарламалар арқылы біліп отырады. Іске қатысушы өзге де тарапқа сот тыңдалымы туралы талон жолданады. Жедел ақпараттандыру мақсатында іске қатысушыларға судьяның электронды-сандық қолтаңбасы қойылған сот актілерінің шыққаны туралы смс-хабарламалар жолданады.

Заман талабына сай технологияларды енгізу мен пайдалану сот ісін жүргізуді оңайлатып, төрешілік кедергілерді жойып, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді.

Жоғарыда аталған ақпараттық жаңа технологиялар арқылы сот саласы халыққа ашық әрі қолжетімді. Ендігі мақсат осы жаңа технологияларды жұмыс барысында дұрыс, тиімді пайдалану, игеру.

Ең жоғарғы саты болып табылатын, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен бейтараптығын қамтамасыз ететін, барлығының сот алдында тендігін және әділдікке кепілдік беретін Қазақстанның соттары адам құқықтарын барынша үздік қорғау мақсатында қажетті жәрдем көрсетеді. Сот жүйесінің халық үшін ашық, әрі қолжетімді болуы үшін сот төрелігі мен ақпаратқа қол жеткізу бойынша халықтың сұраныс деңгейін арттыруы әбден мүмкін.

 

Соттар инфрақұрылымын қамтамасыз ету

және дамыту бөлімінің бас маманы Райгүл Удербаева

infozakon.com