Процестік келісім жасалған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сот талқылауы және сот актісінің орындалуы жеңілдейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 3 шілдесінде қабылданып,  2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне де  (одан әрі ҚР ҚПК-і)  енгізілген жаңашылдықтар көптеп кездеседі, соның бірі процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізу болып табылады. Аталған жаңашылдық, яғни процестік келісім туралы түсінік бұрынғы қолданыста болған қылмыстық іс жүргізу кодексінде  қарастырылмаған болатын.ҚР ҚПК-нің 63-64 тараулары процестік келісімнің түрлерін, оның жасалу шарттарын, салдарын және  қолдану тәртібін қамтиды.

ҚР ҚПК-нің 612 бабында  көзделгендей  жасалған процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру мынадай жағдайда, яғни онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында; қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша ынтымақтастық туралы келісім нысанында жүргізіледі.

Cонымен қатар,  ҚР ҚПК-нің 613 бабын сай,  кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім мынайдай шарттар болған кезде, яғни күдікті, айпталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдірген; күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеірне дауласпаған; процестік келісім жасасуға жәбірленуші келіскен кезде жасалуы мүмкін.

Қазіргі таңда  Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотына  кінәні мойындау туралы мәміле нысанында жасалған процестік келісім  бойынша алты қылмыстық іс түсіп, барлығы үкім шығарумен  қаралды.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының 20 наурыз 2015 жылғы үкімімен Р.Туйтенов пен Д.Иваш ҚР ҚК-нің  293 бабының 3 бөлімінің 2 тармағымен, 287 бабының 3 бөлімімен кінәлі деп танылып,  әрқайсысына ҚР ҚК-нің 58 бабының 3 бөлімінің негізінде түпкілікті бес жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының 25 мамыр 2015 жылғы үкімімен Т.Есенгелді ҚР ҚК-нің  293 бабының 3 бөлімінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған бес жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жеделдетіп, сот талқылауын жеңілдетіп, қылмыс жасалған уақыт пен шешім қабылдау арасындағы уақытты және  сот  актісінің орындалу уақытын едәуір қысқартады.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық

сотының сот мәжілісінің хатшысы А.Булмажанова