Медиация дауларды шешудің тиімді тәсілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елімізде даулы мәселені оңтайлы шешудің баламалы тәжірибесі ретінде 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданған болатын.  Осы заң Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі. Медиатор – «медиация туралы» заңның талаптарына сәйкес кәсібинегізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.Екі тараптың ерікті келісімі бойынша олардың арасында бітімгершілік болған жағдайда медиация рәсімін бекітеді. Осымен қатар, Әйтеке би аудандық сотының ғимаратындакәсіби медиатор Мамбетов Серік Бөкенбайұлына «Медиация сұрақтары бойынша»ағарту жұмыстарын жүргізу үшінкабинет ашылып, аптаның әрбір сейсенбі күні сағат 11:00 – 12:00 аралығындааудан тұрғындарымен кездесіпқұқықтық көмек көрсететіні туралы хабарлаймыз.Медиация бойынша қоятын сұрақтарыңыз болса Әйтеке би аудандық сотына жолығуларыңызға болады.

                      Әйтеке би аудандық сотының судьясы М.С.Мұхамбеткалиев

infozakon.com