КОДЕКСТЕГІ ӨЗГЕРІС ЖЕКЕШЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІН КӨБЕЙТТІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі күшіне еніп, қолданылып келеді. Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 47-тарауында көзделген. Кейбір әкімшілік құқық- бұзушылықтар жаңа Қылмыстық кодексте теріс қылық ретінде бағаланатындықтан, соттарда қазір жекеше айыптау істерінің саны көбейді. Кодекстің 408­бабының талап­ тарына сай, жекеше айыптауды тұлға сотқа, соттылық туралы қағидаларды сақтай отырып, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғайды. Шағымда ол берiлген соттың атауы, қылмыстық құқықбұзушылық оқиғасының сипат­ тамасы, дәлелдемелерi көрсетiле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, сотқа iстi iс жүргiзуге қабыл­ дау туралы өтiніш, қылмыстық жауап­ тылыққа тартылатын адам туралы мәлiметтер; сотқа шақырылуы қажеттi куәлардың тiзiмi қамтылуға тиіс. Шағымға оны берген адам қол қояды. Анонимді шағымдар iс жүргiзуге қабылданбайды. Егер шағымға талап арыз және талап қоюдың талаптарын растайтын қажетті материалдар қоса берілсе, шағымда азаматтық талап қоюды қарау туралы өтiну де қамтылуы мүмкiн. Егер жекеше айыптауды бiрнеше тұлға нақ бір адамға қатысты қозғаса, олар бір шағымды бірлесіп немесе әрқайсысы бiр­бiрiнен тәуелсiз жеке түрде бередi. Алайда, сотқа жәбірленушілерден т ү с ке н ш а ғ ы м д а р о с ы б ап т ы ң талабына сай келе бермейді, яғни, құқықбұзушылықтың саралануы, дәлелдемелер, сотқа шақырылуға жататын тұлғалар көрсетілмейді, құжаттардың көшірмелері қо са жалғанбайды. Мұндай жағдайда шағым қозғалыссыз қалдырылып, шағым иесіне кемшіліктерді түзету үшін мерзім белгіленеді. Соттың қаулысында көрсетілген нұсқау орындалмаған жағдайда судья өзiнiң қаулысымен шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартады және оны берген тұлғаны бұл туралы хабардар етедi. Көрсетілген мән­жай бойынша шағымды қабылдаудан бас тарту қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімі шегінде сотқа осындай шағымды қайтадан беруге кедергі келтірмейді. Сонымен қатар, жеке айыптау шағымдары ҚПК­нің 179­бабы 5­бөлігіне сай, құқық қорғау орган­ дарынан түсіп жатады. Онда құқық қорғау органы басшысының атына берілген жәбірленушінің шағымы, оған қоса жәбірленушінің, күдіктінің, куәлардың жауаптарын алу хаттама­ лары, ауруханадан алынған анық­ тамалар, сот­медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы жалғанады. Алайда, кодекстің 108­бабымен ден­ саулыққа қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтіргені үшін берілген көптеген шағымдар бойынша денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесі туралы сарапшының қорытындысы тір­ келмейді және соттылығы бойынша сотқа жіберілген кезде ол туралы арыз иесіне хабардар етілмей жатады. Сондай­ақ, шағымда жекеше айыптауға байланысты құқықбұзушылық бел­ гілері жоқ және белгісіз адамдарға шара қолдануды сұраған шағымдар бойынша жадығаттар жолданады. Сондықтан, құқық қорғау органдарына түскен шағымдарға дұрыс баға беріп, оның жекеше айыптау екеніне көз жеткізіп барып, сотқа жолдаған дұрыс болады. 

С.ТАНИМОВА, Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы

zanmedia.kz