Азаттық алған қазақ халқы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек», – деген    Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады.
Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы  Еділден  Жайыққа  дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өнедерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы.

1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан  Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз пен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік.  Егемен ел атанғалы бері қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпек. Сондықтан да  бұл қазақ елі үшін тарихта қалатын ең маңызды мереке болмақ.  Осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған бұл мерекеге байланысты  халық арасында «қазақ хандығының күні» атты жаңа мереке белгіленсін деген ұсыныстар да айтылып жатыр. 

Қазақстандық тарих ғылымында бұл терең зерттелген дүние. Десе де, қазіргі күні зерттеушілер арасында  қазақ хандығының қашан құрылғандығы жөнінде  қарама-қайшылықты пікірлер қалыптасып отырғанын айтумыз керек. Тарих беттерін парақтасақ, бұл мәселені бүге-шүгесіне дейін зерттеген тарихшыларымыздың бірі қазақ хандығының құрылуы 1428 жылдан бастау алады деп әріге жіберсе, енді бірі 1445, 1456, 1465 жылдарына қатысты сан түрлі дәйектерін ұсынған. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет деп санаймыз.

 Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының

бас маманы Н.Бирманова