Ата заңымызға 20 жыл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қолданыстағы Ата Заңымыз - Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған. Конституция күні – мемлекеттік мереке. Бүгінгі күні өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Ата Заңымыз жаңа сипатқа ие болып, еліміздегі демократиялық реформалар те­реңдей түсті. Сотта көптеген даулар мен адамдардың тағдырлары шешілетіні, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мүдделері қорғалатыны баршамызға белгілі. Сот жұмысының тиімділігі, заңды әрі әділ шешім шығару, оларды орындау - әр мемлекеттің демократиялық тұрғыда дамыту көрсеткіші болып табылады.  Конституцияға сәйкес әр азамат сотпен өз құқығы мен бостандығын және заңды  мүдделерін қорғауға мүдделі.

Заңымыздағы оңтайлы өзге­ріс сот реформасын жүргізу мәселесін де айналып өткен жоқ Бұрын кеңес дәуірінде соттағы іс қағаздар жүргізуге қарағанда, қазіргі таңда, халықаралық нормаларға сәйкес сот процедурасын жеделдету, сот тәртібімен қаралатын дауларды азайтып, кейбір дауларды балама түрде шешілуі, соттардың қағаз жүзіндегі құжаттамадан бас тартып, жариялылық принципі негізінде электрондық жүйе түріндегі ақпараттық технологияларға көшу, сот өндірісін жұртшылық көзіне  ақпараттық технологиялар арқылы жеткізуді айқындатып отыр. Ақпараттық технологиялардың дамуы халыққа тиімді. Сот  отырыстары дыбыс және бейне жазбалар құрылғыларын қолдану   арқылы жүргізілуде. Соттарда қолға алынған жаңа  ақпараттық технологиялар - «Үкімет порталы», «Сот кабинеті» арқылы келіп түсетін талап арыздар мен өзге де арыздарды,  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін электронды түрде қабылдаудың жаңа сервистері, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық электрондық құжат айналымының кеңейтілуінің барлығы көпшіліктің игілігіне қызмет етуде. Бұл тұрғыда соңғы уақытта қолданысқа  енген заманауи технологияның көмегі –SMS хабарламалар жолдау, гибридтік почта, -«Үкімет порталы» және «Сот кабинеті» арқылы келіп түсетін талап арыздар мен өзге де арыздар, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық электрондық құжат айналымы сот пен қарапайым халық арасын жақындата түсті және қағаз бастылықты азайтты десек қателеспейміз. Мысалы, Алға аудандық сотына 2015 жылғы 1 тоқсанда сот кабинеті арқылы 148 талап арыз түскен, электронды талап арыздар саны жалпы  74 % құрайды. Сондай-ақ, аудандық сотқа сот кабинеті арқылы апелляциялық шағымдар, сот отырысы хаттамаларымен танысу, сот отырыстары үн-бейне жазбаларының көшірмелерін сұрау, сот отырыстарының хаттамаларына ескертпе келтіру, сот актілерінің көшірмелерін сұрау бойынша  арыздыр электронды түрде түсуде. Сот кабинеті арқылы арыз-шағым беру азаматтардың уақытын, қаржысын үнемдеуге тиімді.

Сот жүйесін жетілдіре түсу жолында жасалып отырған осындай игі шаралардың негізі сот реформасының өзекті бағыттарын айқындап берген Ата Заңымыздың  зор арқауында жатыр. Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы мемлекетіміздің одан әрі өркендей беруіне қызмет ете бермек.

Негізгі Заңға құрметпен қарау – біздің парызымыз.

Алға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Р.Ташева