Бс, 06/03/2014 - 08:07
2014 жылдың ақпан айының 27-шы жұлдызында Хромтау аудандық сотында ҚР КК-нің 175 бабының 1 бөлімімен 24 жастағы Хромтау ауданы тұмасы М. азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қылмыстық істің мәні бойынша, 2013 жылдың 30 қарашада сағат 10-00-де Хромтау қаласында Зеленая атты көшеде орналасқан №5-1 үйде М. қасақана, пайдақорлық ниетімен, ұрлау, яғни бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау мақсатында, сол кезде үйдің иелері жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмедегі тұрған саңдықтың ішіндегі Ж-ға тиесілі сумкасынан 200 000 тенге ұрлап алған.
Осының нәтижесінде М. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен Ж-ға жалпы құны 200 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Сот мәжілісінде жәбірленуші Ж сотталушымен татуластым, ол маған келтірген зиян есесін толтырды деп, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.
Сотталушы М. істеген іс әрекетіне өкінетінін айтып, жәбірленушінің өтінішін қолдап, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
Сот ҚР-сы ҚК-нің 175 бабының 1 бөлімімен айыпталатын М-ға қатысты ҚР-сы ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігінің негізінде қылмыстық ісін қысқартуға, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуға.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі