Ср, 12/03/2014 - 11:12
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қандыағаш қаласының тұрғыны азаматша У.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 177 бабының 3-бөлігінің «б» тармағы негізінде қылмыстық іс қаралды.
Істің мән-жайына келсек, азаматша У., алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлап алу мақсатында, Қандыағаш қаласыдағы «Нұр» сауда үйінен 25.09.2013 – 20.12.2013 жылдар аралығында бірнеше рет барып, азаматша М.-ның сеніміне қиянат жасау арқылы, қарызға деген уәжбен сендіріп, алтыннан жасалған әшекей бұйымдарды алып, ломбардқа тапсырған, нәтижесінде жәбірленушіге 1 823 600 теңгеге материалдық шығын келтірілген.
Сот жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, оның мүлкін тәркілеп 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.