жм, 14/03/2014 - 09:18
Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық соты, ашық сот отырысында Әйтеке би ауданы, Қостанай облысының тұрғыны Г-ға қатысты ҚР ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.
Істің мән-жайына келсек: 2014 жылдың ақпан айының 09-да сағат 06-30 шамасында, Әйтеке би темір жол станциясында, темір жол полиция қызметкерлірімен аз.Г. 9 мм. 24 дана оқ-дәрiлердi заңсыз сақтап, алып жүргені үшін ұсталды.
Сот отырысында сотталушының бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталғаны дәлелденіп, сот Г-ны ҚР ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 2 жыл, 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.