Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүесі арқылы әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында  дөңгелек үстел болып өтті. Шараға Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция өкілдері, Қандыағаш стансасының желелік полиция бөлімінің қызметкерлері, Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Мұғалжар аудандық сотының судьясы Ж.М.Сейтжапаров «Сот кабинеті» - халықтың сотқа өтініш, шағым жасауға және қолдау хатты электронды түрде дайындап жолдауға арналған жүйе екендігін, ал бүгінгі күнде аталған жүйені одан әрі жетілдіріліп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты бастамасымен әкімшілік құқық  бұзушылық туралы істерді электронды түрде жолдау қолға алынғандығын айтып өтті.

Шара барысында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік істерді жолдау мәселелері» туралы баяндаманы кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова көрнекі құралдар арқылы қатысушыларға таныстырып, істерді жолдауды электронды түрде тәжірибе жүзінде көрсеттіп сот кабинеті арқылы әкімшілік істерді жолдауға байланысты әдістемелік құралдар тапсырылды.

Шара соңында қатысушылар ақпараттық қызметі бойынша өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі