жм, 17/03/2017 - 10:53
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (автокөлігін есірткілік масаң күйінде басқарған ) азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Істің мәні бойынша, 04.03.2017 ж. сағат 02.20-шамасында, ол Шалқар қаласы, Желтоқсан көшесі бойында Audi B 5 маркалы автокөлігін есірткілік масаң күйінде басқарған.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындады.
Соттың қаулысымен ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі