«Дауды сотқа дейін және сотта реттеу барысында «Медиация туралы» ҚР Заңын қолданылуы» тақырыбында семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Дауды сотқа дейін және сотта реттеу барысында «Медиация туралы» ҚР Заңының қолданылуы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева, кәсіби медиатор А.Казиева және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Өз сөзінде судья Ж.Кунаева соттардың жұмысындағы жүктемелердің азаюы, дауларды шешудің ерекше рөлі – медиация институты атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ ҚР Азаматтық процесуалдық кодекстегі тараптарды медиация рәсімімен бітімгершілікке келу және оның жасалу тәртібі туралы түсіндірді.

Қорытындылай келе, қатысушылар сот процесіндегі медиаторлардың рөлі, қылмыстық процестегі медиация, азаматтық, еңбек, отбасы және  басқа да заңды және (немесе) жеке тұлғалардың құқықтық қатынастарының  ерекешеліктерін талқылады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі