Ақтөбе облыстық сотының төрағасы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов Ақтөбе өңірінің судьялар корпусына облыстық соттың жаңа төрағасы – Айдар Смағұловты таныстырды. Бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.

Кездесуге өңірдің судьялары, облыс әкімі, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Ә. Жүкенов өз сөзінде Айдар Әскербекұлының көпжылдық судьялық тәжірибесін, оның жоғары кәсіби біліктілігін, мінсіз қызметі мен еңбекқорлығын атап өтті. Спикер А. Смағұловтың жаңа лауазымда сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Жаңадан тағайындалған төраға мен өңір судьяларының алдына сот төрелігінің сапасын арттыру жөнінде бірқатар міндеттер қойылды. «Судьялар корпусы азаматтардың сотқа деген сенімін және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бойынша Мемлекет басшысының алға қойған міндетін іске асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс», – деп атап өтті Ә.Жүкенов.

АНЫҚТАМА

Айдар Смағұлов 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2001-2010 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің жетекші маманы, Петропавл қалалық сотының, Петропавл қаласы №2 сотының судьясы,

2010-2014 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев аудандық сотының төрағасы,

2014-2017 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы,

2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі