Ақтөбе облыстық сотының хабарламасы бойынша:

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу айыбымен (ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) А., Д., Д., Д., М.-ға қатысты ақтау үкімі шығарылды.

Сотпен анықталғаны
Сот отырысында айыптаушы тараппен сотталушылар А., Д., Д., Д. және М. сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қандай жолмен аса ірі мөлшерде талан-таражға салғаны туралы сотқа дәлелдемелер ұсынылған жоқ.
 
Бұдан басқа, сотпен қылмыстық істі СДТБТ-ға тіркеу барысында қылмыстық іс жүргізу заң бұзушылықтарың орын алғандығы анықталды.
 
Сот шешімі
Кінәсіздік презумпциясына байланысты және ҚПК-нің 19-бабына сәйкес айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдермен расталуы тиіс.
 
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен А., Д., Д., Д. және М. кінәсін дәлелдеудің жеткілікті жиынтығын ұсынбағандықтан, сот сотталушыларды кінәсіз деп таныды және сотталушылардың қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысқандығын дәлелдемегені үшін ақтады.
 
Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы сотпен ҚПК-нің 170-бабының 6-бөлігіне сәйкес "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талап арызы қараусыз қалдырылды.
 
ҚПК-нің 4-тарауына сәйкес А., Д., Д., Д. және М. үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерің нәтижесінде келтірілген зиянды оңалтуға және өтетуге құқықтары танылды.
 
Апелляциялық үкім заңды күшіне енді.
 
 
Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі