Ақтөбе облыстық соты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық соты ҚК-нің 122-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен (16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас жасау) сотталған Т.-ға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарады.

Қылмыстық жауаптылық

ҚК-тің 122-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша, егер сотталушы 16 жасқа толса және жәбірленуші осы жасқа жетпесе, ерікті жыныстық қатынас үшін қылмыстық жауаптылық туындайды.

Егер жыныстық қатынас бірнеше рет болса (екі және одан да көп рет орын алған болса), 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл аса ауыр қылмыс.

Соттың тұжырымдары

Т.-ның 2005 жылы туған кәмелетке толмаған А.-мен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсудегі кінәсі өзінің, сондай-ақ жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен толық дәлелін тапты. Т. әрекеттері дұрыс сараланған.

Жаза тағайындаудағы сот шешімі

Сот ҚК-тің бабының санкциясында көөзделген жазаны тағайындайды.

Сонымен бірге, егер ерекше жеңілдететін мән-жайлар болса, заң санкцияда көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға жол береді (ҚК-нің 55-бабы 4-бөлігі).

Сот алқасы Т.-ның кәмелетке толмаған жасын, оның өкінуін, оң мінездемесін, жәбірленуші мен оның заңды өкілінің пікірін осындай мән-жайлар деп таныды.

Сол себепті сот Т.-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және оны қамаудан босатты.