Ақтөбе қаласы №2 сотының хабарламасы бойынша:

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақтөбе қаласы № 2 сотымен айыпталушы К. және А.-ға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы).
 
Қысқаша фабула
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен Қ. және А. полиция қызметкерлері бола тұра, стационарлық бекетте қызметте болып, азаматша К.-дан табылған сөмкені қабылдап, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, сөмкеде болған Б. және Ш-ға тиесілі жалпы сомасы 5 330 000 теңге ақшалай қаражатты иемденді деп айыпталды.
 
Дәлелдемелер
Сотталушылардың кінәсі дәлелдемелер жиынтығымен, оның ішінде жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбалармен расталады.
 
Тағайындалған жаза
ҚК-нің 361 б. 4 б. көзделген санкция бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.
 
Сотталушылар Қ. және А.-ның қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлары ретінде сот шын жүректен өкінгенін, жасөспірім балаларының болуын және жәбірленушілерге келтірілген залалды толық көлемде өтегенін таныды.
 
Сотталушылардың қылмыстық жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар ретінде сот Қ. және А.-ның өздері берген сертін бұзғаны және алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын таныды.
 
Сот сотталушыларды ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігі 3) - тармағы бойынша кінәлі деп танып, оларға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Источник: 
Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі