Ақтөбе қаласы № 2 сотының хабарламасы бойынша:

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Ақтөбе қаласы № 2 сотымен алаяқтық жасады деп айыпталған банк менеджері К.-ке қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы).
 
Қысқаша фабула
Сотпен, айыпталушы К. 01.07.2017 жылдан 05.04.2021 жылға дейінгі кезеңде алаяқтық жасағаны, яғни, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, С. АҚ-ның банк ақпараттық жүйесін пайдаланушының сенімін теріс пайдалану немесе алдау жолымен 777 000 000 теңге сомасынан астам бөтеннің мүлкін жымқырғаны анықталды.
 
Сотталушының ұстанымы
Сот отырысында сотталушы келтірілген залал сомасымен келіспей, кінәсін ішінара мойындады.
 
Дәлелдемелер
Сотталушының өз кінәсін ішінара мойындауымен қатар, оның кінәсі сот-экономикалық сараптама қорытындысымен және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталады.
 
Прокурордың ұстанымы
Сотта прокурор К.-ке 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, банк саласында 10 жыл мерзімге қызмет ету құқығынан айыруды сұрады.
 
Тағайындалған жаза
ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2) - тармағының санкциясы мүлкі тәркіленіп және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
 
Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жас баласының болуын таныды. Сотталушының қылмыстық жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
 
Сот К.-ті ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2) – тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған банк саласында 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
 
Источник: 
Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі