Ақтөбе қалалық соты зардап шеккен қызметкердің еңбек құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өткен жылдың тамыз айында өңір аудандарының бірінде жазатайым оқиға орын алды. Станция кезекшісі азаматша Г. жолаушылар пойызының астына құлап, салдарынан екі аяғынан айырылып қалды. Арнайы құрылған тергеу комиссиясы жазатайым оқиғаны өндіріспен байланысты емес деп танып, талап қоюшымен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық бұзылғанын көрсетті. Мұндай тұжырымдармен келіспеген зардап шегуші еңбек инспекторына жүгінді, ал ол өз кезегінде комиссияның шығарған актісін негізді деп таныды. Кәмелетке толмаған үш баланың анасы өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінді. Сотта жұмыс беруші талап қоюшыны үстеме жұмыстарға, түнгі ауысымдарға тартқандығы, ауысымаралық демалыстың жеткіліксіздігі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтер және еңбек заңнамасы нормаларын бұзу әсерінен жұмысшы организмінің әлсірегендігі анықталды. Арнайы тергеу барысында ағзаның шаршауы кезінде есте сақтау қабілетінің бұзылуы, тыңдау, көру, есту, қимылдарды үйлестіру және денедегі тепе-теңдіктің сақталмауы ескерілмеген. Нәтижесінде, жолаушылар пойызының кетуін күтіп тұрған әйел есінен танып, поезд астына құлап кетті. Еңбек заңнамасы нормаларының басқа да бұзушылықтары анықталды. Іс материалдарын, бейнежазбаларды және куәлардың түсініктемелерін тыңдап, сот арнайы тергеу актісінің күшін жойып, жазатайым оқиғаны еңбек өндірісімен байланысты деп таныды. Сонымен қатар, сот жауапкерді анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жоюға міндеттеді. Соттың шешімі апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі