Ақтөбе қаласының №2 соты төрағасының міндетін атқарушы студенттермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Бақытжан соттың ашықтығы мен жариялылығы қағидасын ұстана отырып, халықпен кездесу жүргізу аясында жастар арасында қылмыстың алдын-алу үшін жас заңгерлермен, яғни Ақтөбе қаласындағы  көпсалалы  АГУ Тарлан колледжінің  студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасының міндетін атқарушы студенттерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстерінің жаңашылдықтары мен олардың ерекшеліктерін түсіндірді. Талқылау барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды.

Өз кезегінде сотқа келген жас заңгерлер мұндай кездесулердің ерекшелігін атап, ұйымдастырылған кездесу үшін сот басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі