Бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А.- ға қатысты оның өтініші бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А. 2017 жылдың 07 тамызында, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылымен Пацаев көшесінің қиылысында   «Volkswagen Passat» маркалы көлік құралын басқару барысында Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларының 5.2.5 тармағының талабын бұзып,  бағдаршамның тыйым салатын белгісінде жолдан өтіп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабының 1-бөлімінде (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту)  көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған. 

Сот қаулысымен ол 22 690 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі