Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылғы 24 тамызда шамамен 23 сағат 10 минутта, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында, яғни қоғамдық орында балкон терезесін соғып, айғайлап, азамат Н.-ның атына балағат сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзған, сөйтіп ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлімінде (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат  М. кінәлі деп  танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі