Сот жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер «К.» РММ-ге 595 040 теңге көлемінде материалдық залал, 65 032 теңге көлемінде сот шығындарын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы ақпанда Ақтөбе қаласындағы Самара – Ташкент тас жолында жауапкер «К.» РММ-нің жеке меншігіндегі автокөліктің жүргізушісі жол қозғалысының белгіленген ережесін өрескел бұзып, талапкер Б.-ның автокөлігімен соқтығысты. Нәтижесінде, талапкердің көлік құралы қирап, талап қоюшыға материалдық залал келтірілді. Жылжымалы мүлікті бағалау есебіне сәйкес, автокөлікті қалпына келтіру құны 597 040 теңгені, бүлінген автокөліктің тауарлық құнын жоғалту бағасын анықтау үшін жұмсалған шығындар 28 000 теңгені құрады.

Талап қоюшы өз заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінді.

Сот шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот жауапкер «К.» РММ-нен талап қоюшы Б. пайдасына 567 070 теңге көлемінде материалдық залал, 5 670 теңге көлемінде мемлекеттік баж, 28 000 теңге көлемінде бағалау шығындар, 30 000 теңге көлемінде өкілдік шығындарды өндіруді шешті. Талап қою арызының қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі