Байғанин аудандық сотында 5 айдың жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында 2017 жылы 5 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадірдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатының барысында аудандық соттың төрағасы Ж.Б.Қуанышев баяндамасын оқып, келесі статистикалық мәліметтерді көрсетті: қылмыстық істер бойынша: есептік кезеңде аудандық сотқа 8 адамға қатысты 8 іс түсіп, оның ішінен 8 адамға қатысты 8 қылмыстық істер аудио-бейне жазба пайдаланып қаралған. 6 адамға қатысты 6 үкім шығарылған. 2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс жәбірленушілермен татуласуларына байланысты қысқартылған, оның ішінде 1-не медиатор қатысқан. 1 жеке қаулы шығарылған.

Азаматтық істер бойынша: 82 арыздар түсіп, 55 іс қозғалып, барлығы 75 іс аяқталған, 11-іс қалдықта қалған, 27 сот бұйрығы, 29 шешім шығарылған, оның ішінде 27-сі қанағаттандырылған, қанағаттандырылудан бас тартылғаны 2; сырттай қаралған іс болмаған; соттылығы бойынша 1 іс жолданған; қысқартылғандары – 18 (оның ішінде медиация тәртібімен – 14; талаптан бас тарту бойынша 4); жеңілдетілген тәртіпте қаралғаны – 8; 40 іс үн-бейне жазба құралдары пайдаланып қаралған; Азаматтық істердің қаралу мерзімдері сақталған. Азаматтық істерді қарау нәтижесі бойынша жеке қаулы шыққан жоқ.

Әкімшілік істер бойынша мәліметтер: 127 әкімшілік іс түсіп, оның 123-і үн-бейне жазба құралдары пайдалану арқылы қаралған; 25-і қысқартылып, 5 әкімшілік іс бойынша ескерту, 43-не айыппұл, 41-не қамау, 9-на автокөлік басқару құқығынан айыру; 3-не тәркілеу (қосымша) туралы жазалар қолданылған; қызметпен айналысуды тоқтату, тыйым салу түріндегі қосымша әкімшілік жаза салынғаны – 12; медиатордың қатысуымен 17 іс қаралып; 1 жеке ұйғарым шығарылған.

Есепті кезеңнің ішінде жеке және заңды тұлғалар т.б. судьяның әрекеттеріне байланысты шағым түспеген; әр түрлі мәселелер бойынша сот төрағасы азаматтарға 29 рет қабылдау жүргізіп, құқықтық кеңестер берген.

Шара барысында аудандық соттың төрағасы Ж.Б.Қуанышев редактор Ұ.Қ.Қадірдің қойған сұрақтарына жауаптарын берді, сонымен қатар баспасөз өкіліне 2017 жылдың 5 айының жұмыс қорытындысы туралы толық ақпарат қамтылған пресс-релиз ұсынылды. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі