Дс, 12/06/2017 - 08:46
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сотта құқық бұзушы жеке кәсіпкер Қ. Шалқар қаласы Резванов көшесі бойында орналасқан азық-дүкенінде кәсіпкерлікпен айналысуды бастағаны туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарлама жібермегенін көрсетті.
Соттың қаулысымен жеке кәсіпкер Қ-ға ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 56 725 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.