Ұсақ бұзақылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі  (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша С.-пен Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 30.05.2017 жылы сағат 10-30 шамасында Құмтоғай ауылы Ө.Жұмабаев көшесі бойында, яғни, қоғамдық орында азаматшалар С.-мен Ш. ауызша ұрыс-керіс барысында бір-біріне ар намысына тиетін сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. Сөйтіп өздерінің іс-әрекетімен  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен С.-мен Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға әр-қайысысына 10 АЕК яғни 22690 теңге айыппұл салынып әкімшілік жаза қолданылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі