Сотпен медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотпен медиативтік келісім бекітілді

 

2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Заңның басты мақсаты дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

2016 жылғы 01 қаңтардан бастап жаңа Азаматтық процестік кодекс қабылданды. Кодекс тараптарды татуластыру мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтті. АПК талаптарына сәйкес судья тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеуге мүмкіндік беруге міндетті. 

О. күйеуі Б-дан балаларын күтіп-бағу үшін алимент өндіруді сұрап сотқа жүгінді. Бұрын жұбайлардың арасында алимент өндіру жөніндегі Темір аудандық сотының сот бұйрығы бір баланың өзімен тұратынын баяндаған борышкердің қарсылығы бойынша күшін жойған болатын.

Сот отырысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, сотқа ұсынды. Келісім шарттарына сәйкес жауапкер Б. 2017 жылғы 09 наурыздан бастап балаларын күтіп-бағу үшін табысының және (немесе) өзге де кірісінің жартысы мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенеді, өз кезегінде талап қоюшы О. барлық талаптарынан бас тартады.

Темір аудандық сотының ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі