Сот ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамақ тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат И.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады. 

Істің материалдарына сәйкес, 24.05.2017 ж. сағат 09-шамасында И. Шалқар қаласы, Биекенов көшесі бойында орналасқан балабақшаның алдында бұрынғы зайыбы Г-нің жұмыс орнында оның тыныштығын бұзып, содан соң оған өзіне қайтадан қосылмағанын, басқа адаммен көңіл қосқысы келіп жүр деген мағынада былапыт сөйлеп,  қоғамдық орында айналасындағыларды сыйламаушылық білдіріп,  ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот мән-жайларды таразылай келіп, құқық бұзушының жеке басына назар аударып, оның қасақана құқық бұзушылық жасағанын ескеріп, оған заңның санкциясында көзделгендей әкімшілік қамаққа алу шарасын қолданған қажет деп есептеп, құқық бұзушы И.-ді ҚР ӘҚбТК-нің 434- бабының 1-бөлігімен екі тәулікке қамаққа алу туралы әкімшілік жазаға тартты.

Сонымен қатар, жәбірленушінің өтініші қанағаттандырылып,  И.-дің мінез-құлқына үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі