Архив событий

26/04/2023

Қаржы пирамидасының басшысы сотталды

26/04/2023

Ақтөбе қаласының № 2 сотында аса ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып, қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деген айыппен сотқа берілген Т.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы).

Қысқаша фабула

Т. 2019 жылдың 01 желтоқсаны мен 2020 жылдың 22 ақпаны аралығында экономикалық қызмет саласында жалғасып жатқан ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады.

Сотпен сотталушы Т.  аса ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды.