Архив событий

23/08/2017

Соттағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

23/08/2017

Темір аудандық сотында соттағы қауіпсіздік деңгейін жоғарылату, соның ішіндеақпараттық қауіпсіздік жүйесін, рұқсатнама режимінің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сот мамандары және мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Судьялар Судьялық әдеп кодексінің нормаларын талқылады

23/08/2017

Мұғалжар аудандық сотында аудандық сот судьялрының қатысуымен Судьялық әдеп кодексінің талаптарын талқылауға бағытталған семинар сабағы өткізілді. 

Семинар барысында өз сөзінде судья А.Е.Мусина Республика судьяларының VII съезінде 21.11.2016 жылы қабылданған Судьялық әдеп кодексінің ережелерін және Кодексте судьялар сот төрелегін жүзеге асыруға байланысты кез-келген әрекеттерді жүзеге асыру кезінде дұрыс емес мінез-құлық көрсетпестей, әдеп нормасын мүлтіксіз сақтауы қажет деп атап өтті.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамалды

23/08/2017

Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) құқық бұзушы У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.                                         

Сот ұжымы «Мектепке жол» акциясына қатысты

23/08/2017

Темір аудандық сотының ұжымы аз қамтылған отбасы балаларын жалпы орта біліммен қамтамасыз ету және қайырымдылық көмек көрсету мақсатында аудан көлемінде өткізіліп отырған «Мектепке жол» акциясы аясында Сартоғай негізгі мектебінің 1 сынып оқушыларына қажетті мектеп формасы мен оқу құралдарын алып беру түрінде материалдық көмек көрсетті.

Тараптар медиативті келісімге келді

23/08/2017

Алға аудандық сотымен  талапкер С.-ның жауапкер З.-дан мүлікті заңсыз иеліктен шығару  туралы азаматтық   іс қаралды.

Сот отырысында  талапкер С. жауапкер З. «Mercedes-Benz» маркалы автокөлікті өз атына аудару туралы ауызша келісім болғанын, алайда 2014-2016 жылдар аралығында көлік салығына төленетін берешек 33 265 тенгені құрағанын, жауапкер уақытында көлік салығын төлемегендіктен сотқа жүгінуіне тура келгенін көрсеткен.

Халықпен кездесу өткізілді

23/08/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот-мәжілісінің хатшысы А.Коханова екі мәрте Кенес Одағының батыры Т.Я.Бегельдиновтың атындағы Әуе Қорғаныс Күшетрінің әскери институтының офицерлері және курсанттарымен «Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы» және «Жемқорлық-қоғамға төніп тұрған қауіптілік» тақырыбында кездесу өткізді.

Семинар сабағы өткізілді

23/08/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 

Медиация мақсаты-бітімгершілік

23/08/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  «Медиация мақсаты-бітімгершілік» атты тақырыпта семинар өтті.

Аталған шараға  төраға м.а. Ж.Кунаева, Мұғалжар аудандық прокуратурасы, Ембі қалалық полиция бөлімінің  және  Жем станциясының желелік полиция бөлімінің өкілдері қатысты.

Неке сақталды

23/08/2017

Алға аудандық сотымен талапкер М.-ның жауапкер М.-ға заңды түрде тіркелген некені бұзу  туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында жауапкер М.-мен өзара түсініспеушіліктің болмауы салдарынан және некені сақтап қалу мүмкіншіліктің жоқтығына байланысты  некені бұзуды сұраған.                                                           

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, яғни талап қоюшы талап арызынан бас тартып, ал жауапкер

Жол көлік оқиғасының салдарынан жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiрілген

23/08/2017

Әйтеке би аудандық сотында құқық бұзушы Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік іс қаралды.