Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыппұл салынды
Қобда аудандық соты 2017 жылдың 06 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қылмыстық іс қаралды.
айыпталған Ақтөбе облысының тумасы, Т-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Істің мәні бойынша, сотталушы А. көлік жүргізу құқынан 3 жыл мерзімге айырылған бола тұра, Қобда ауданы Сарбұлақ ауылында «Лада» маркалы автокөлігін басқарған.
Медициналық куәландіру қорытынды нәтижесі бойынша орта дәрежедегі массаю фактісі анықталды.
Сот А-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыра отырып 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 68070 теңге айыппұл түріндегі жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.