Жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізілді
19/07/2017
2017 жылдың 19 шілде күні Қобда аудандық сотының бас маманы Г.Н.Абишева Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының ғимаратында жеке кәсіпкерлермен «Жеке кәсіпкерлік субъектілері» атты тақырыбына кездесу өткізді.
Іс шара барысында бас маман Абишева Г.Н. жеке кәсіпкерлік ұғымы және түрлері туралы, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы, жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы, жеке кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершіліктерінің түрлері туралы айтып өтті.
Сонымен қатар бас маман Г.Н.Абишева жеке кәсіпкерлердің әлеуметтік қорғалуына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Іс шараға қатысушылар осындай іс шараның өтілгеніне өздерінің алғыстарын білдірді.
Источник:
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі