Жергілікті басылым «Мәртөк тынысы» газетінің бас редакторын құттықтады
27/06/2017
Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсен мен судья Е.А.Нуршарыпов жергілікті басылым «Мәртөк тынысы» газетінің бас редакторы Қаракеев Сәттіғұл Оңғарұлыны кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
Сот төрағасы М.Дүйсен БАҚ қызметкерлердің сот жүйесінің жұмысын және құқықтық насихаттау жұмысына үлес қосқаны туралы айтқан. Іс-шараның соңында сот төрағасы бас редакторды сот жүйесінің қызметін ақпараттық жариялаудағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, оған алғыс хат пен естілік сыйлық табыстады.
Источник:
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі