Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды
Мәртөк аудандық соты Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарады.
Көші-қон полициясының қызметкерлері Мәртөк ауданы бойынша жедел профилактикалық іс шарасы жүргізу барысында көші-қон карточкасында Қазақстан Республикасының аумағын жеке мақсатпен келгендігі жөнінде көрсеткенімен, заңсыз жұмыс жасаумен, яғни, халықтық қолданыс тауарларды алмасы айналысқаны Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған.
Өздерінің іс-әрекетімен Өзбекстан азаматтармен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517- бабы 5-бөлігімен көзделген Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзып, келу мақсатының көші-қон карточкасында көрсетiлген мақсаттарға сай болмай, әкімшілік құқық бұзушылықты жасады.
Соттың қаулысымен құқықбұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы 5-бөлімімен айыпты деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жазасы қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.