«Мектептегі медиация» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотының судьясы А.С.Төремұратова «Мектептегі медиация» тақырыбында Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп гимназиясында семинар кеңесін өткізді.

Кеңесте мектеп-гимназиясының ұстаздары мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Судья А.С.Төремұратова өз баяндамасында: Мектепте ата-ана мен мұғалім, мұғалім мен оқушы, басқа да мамандар арасында дау-дамайлар туындауы мүмкін. Ал кейде олар тым шектен шығып жатады. Білім саласындағы кез келген маман мектеп медиациясы ұғымымен таныс болуы керек. Мамандардың айтуынша, әр мектепте бес-алты медиатор болғаны жөн. Мектептегі медиация – кешенді әдістеме. Оның мақсаты – балаға тәрбие беру, білім беру салаларында қауіпсіз орта қалыптастыру. Мектеп медиаторы ретінде ұстаз да, педагог, психолог, әлеуметтік педагог та қызмет ете алады. Мектеп медиациясы осы мамандықтарды толықтырып тұр деуге болады. Оның негізгі қызметі  —оқытушы мен оқушы, оқытушы мен ата-ана арасында білім беру саласындағы қарым-қатынастарды реттеитін мәселелерді айтып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинар кеңесінің соңында  А.С.Төремұратова қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптарын беріп, қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі