жм, 17/11/2023 - 17:52


Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап қоюшы К.-ден материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талабы келіп түсті .
Талап қоюшының сотқа жүгінуіне, кәмелетке толмаған балалар ауылдың шет жағында орналасқан қабірлерінің (зират) арасымен өтіп келе жатып, талап қоюшының ата-анасының қабірлеріне зақым келтіруі себеп болған. Талап қоюшы соттан келтірілген зиянның өтеуін сұрады.
Аудандық сотпен кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу бойынша мiндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 925-бабының 1-бөлігіне сай жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн оның заңды өкілдері жауап бередi.
Сотта татуласу рәсімінің нәтижесінде, дауды (жанжалды) медиция тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, оның шарттары бойынша балалардың ата-аналары талап коюшынын пайдасына 572 700 теңгені шығындарын 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеуге міндеттенді.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.