Қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының № 2 сотымен Ж.Е.Аубакировке, Н.Ж.Досовқа, С.Қ.Жанасбаевқа, Д.Д.Дүйсембиге, Н.Қ.Мұстафинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталды

2019 жылғы қарашада Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Аубакиров "ТҚК бөлімі" басшысының м.а. Досовқа алдын ала өзі таңдап алған мердігер - "КДС-Астана" ЖШС-мен қаланы жаңа жылдық безендіруге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға және орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға нұсқау берген. Досов заңсыз нұсқауларды орындап, ЖШС шотына 100 млн. теңге аударған.

"КДС-Астана" ЖШС басшысы Жанасбаев пен бас бухгалтері Дуйсемби өз тарапынан Досовқа шартқа және орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға жәрдемдескен.

Ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Жанасбаев "Мустафин Н.К." ЖК-мен қаланы безендіру үшін тауар жеткізуге шарт жасап, 60 млн.теңге аударған. Тауарлар жеткізілмеген.

Қылмыс нәтижесінде 90 426 475 теңге залал келтірілді. Заң бойынша бұл ауыр зардаптарға жатады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты сот сотталушылардың іс-әрекеттерін келесідей:

- Досовтың әрекеті ауыр зардаптарға әкеп соққан, басқа адамдар үшін пайда алу мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы),

- Аубакирвтың әрекеті лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға айдап салушылық (ҚК 28-бабының 4-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3) тармағы),

- Жанасбаев, Дүйсемби және Мұстафиннің әрекеттері лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға жәрдемдесу (ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 362-бабы 4-бөлігі 3) тармағы) болып қайта сараланды.

Сот неге және қандай жаза тағайындады

ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігінің санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Бұл ауыр қылмыс.

Сот Досов пен Аубакировтың кәсіби антты бұзуын олардың жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар ретінде таныды (айыптау актісінде көрсетілген).

Жанасбаев, Дүйсемби және Мұстафинге қатысты айыптау актісінде ауырлататын мән-жайлар көрсетілмеген. Сот өз бастамасы бойынша оларды анықтауға құқылы емес.

Ауырлататын мән-жайлар болмағандықтан, заң бойынша (ҚК 55-бабы 2-бөлігі) Жанасбаев, Дүйсемби және Мұстафинге көзделетін жаза 6 жыл 8 айдан (10 жылдың 2/3) аспауы тиіс.

Заңның айтылған талаптарын негізге ала отырып, келтірілген зиянның өтелмегенін ескеріп, сот Досов пен Аубакировке 7 жылдан, Жанасбаев пен Мұстафинге 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Дуйсембиге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, оның жас баласы болуына байланысты  (1 жасқа дейін) жазасын өтеуді 5 жылға кейінге қалдырды (ҚК 74-бабы).

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Қайнар: 
Ақтөбе қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі