Қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алаяқтық пен пара беруге айдап салу фактісі бойынша (ҚР ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 4-бөлігімен, 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен) «К»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

         Сотта анықталды

         2019 жылғы 5 маусымда «К» Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің аға офицері бола тұра, ЖШС басшысын қосымша салық және пайыздарды төмендету мәселесін реттеу себебімен пара беруге айдап салып, оның 60 000 000 тг ақшасын иемденген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, тергеу әрекеттердің хаттамаларымен, жедел іздестіру шараларымен және сараптама қорытындыларымен толық қуатталады.

Сот неліктен және қандай жаза тағайындады.

ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл ауыр қылмыс.

ҚР ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігінің санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл аса ауыр қылмыс.

Жаза тағайындағанда, сот қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде қабылданған антты бұзғанын таныды.

Соттың үкімімен «К» 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.

«К» мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қылмыстық жолмен алынған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленген.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты