Қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан  жол жүрісі қағидаларын бұзды деген айыппен сотқа берілген (ҚК-нің 345 б. 4б.) К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қысқаша фабула:

Іс материалдарына cәйкес  К. "ВАЗ-21140" маркалы автокөлікті басқара отырып, "Ақтөбе-Астрахань" тас жолының бойына шығу барысында  жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұза отырып, басты жолда келе жатқан көлікке назар аудармай,  "LADA Largus" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Бұл ретте соңғы автокөлік қозғалыс бағытын еріксіз қарама-қарсы бағытқа өзгертіп, "Kia Sorento" автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 5 адам қаза тауып, аудандық ауруханада 3 адам қайтыс болған.

Сотталушының ұстанымы:

Сот отырысында сотталушы тағылған айыпты толық мойындады.

Прокурордың ұстанымы:

Прокурор тағылған айыпты қолдап, соттан сотталушыға 7 жылға көлік басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындауды сұрады.

ҚК-нің 345 б. 4.б. санкциясында белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 7 дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сот жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жәйлар ретінде сотталушының жасаған қылмыстық іс-әрекетіне шын жүректен өкінуін және келтірілген материалдық, моральдық шығындарды өтегенін таныды. Сонымен қатар сотпен сотталушының денсаулық жағдайы назарға алынды (3 топтағы мүгедектігі және онкологиялық ауру)

Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жәйлар анықталмаған.

Тағайындалған жаза:

Соттың үкімімен К. кінәлі деп танылып,  оған 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мұгалжар аудандық сотының баспасөз қызметі