Медиация заңын кеңінен қолдану қажет

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру үшін заңның үстемдігін қамтамасыз етуді басымдылық ретінде белгіледі. Осы жолдауда  сот саласын және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру туралы кеңінен айтылған.  

Елбасы өзінің жолдауларында ұлттық құқықтық жүйені халықаралық құқықтық стандарттармен сәйкестендіре отырып, адам құқығын қорғау жолындағы сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, дауларды соттардан тыс реттеу институтын дамыту тетіктерін қарастырып,  сот тәртібімен қаралуға жататын істерді азайтуға назар аудару қажеттігін айтқан болатын.  Соған байланысты елімізде 2011 жылдың 28 қантарында «Медиация туралы» заңы қабылданды. Медиация – ағылшын тілінде – делдалдық, келістіру мақсаты мен араласушылық деген мағына білдіреді. Өзге елдерде медиация туралы заң әлдеқашан қабылданып, бітімгершілік бір қалыпқа түсіп, қоғамдық өмірден орын алып үлгерген.

Біздің елімізде сот төрелігін медиация тәсілімен шешу мәселелері жаңадан ғана қарқынын алып келеді. 2015 жылы Ақтөбе облысының соттарымен 190 адамға қатысты қылмыстық іс медиаторлардың қатысуларымен шешілген болса, ал 2016 жылы 629 адамға қатысты қылмыстық іс медиаторлардың қатысуларымен шешілген. Яғни 2016 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда медиаторлардың қатысуларымен шешілген қылмыстық істердің саны едәуір артқан.

Бір айта кететін жай қылмыстық істер бойынша барлық сотталушылар қорғаушылармен қамтамасыз етіледі. Қорғаулардың міндеті сотталушылардың мүдделерін қорғау, сондықтан қорғаушылар сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босату үшін заңда көзделген барлық мүмкіндерін жасайды.

Медиация туралы заңын кеңінен азаматтық істер бойынша қолданған дұрыс, өйткені медиацияның артықшылығы сот процедурасымен салыстырғанда аз уақыт алады және медиация жолымен шешілген іс екі жақтың тараптарында қанағаттандырады. Сонымен қатар, сот шығындарын қысқартады және тараптардың өзара қарым-қатынастарын қалпына келтіреді немесе сақтап қалады. Алайда, қазіргі кезде сотқа келген адамдардың бәрі істерді медиаторлардың көмегімен шешуге болатынын білмейді. Сондықтан, істерді бітімгершілікпен шешілу санын арттыру үшін «Медиация туралы» заңды халық арасында үгіт-насихаттау жұмыстарын жалғастыру қажет.

 

 

Ақтөбе облыстық

сотының судьясы                                                        М.Т.Косумбетов