«ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

         2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодекс бойынша онда қамтылған кейбір ұғымдарды қоғамымызда кеңінен түсіндіру заң органдарының басты міндеттері десек қателесе қоймаспыз. Жалпы осы заң аясындағы қылмыс пен  қылмыстық теріс қылық ұғымдары дегеніміз  не? Осы сұраққа толыққанды жауап берсек, Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді. Қылмыстық кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түрінде жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Ал, қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары , қоғамдық жұмысқа тарту, қамауға алу түрінде жаза көрсетілген, айыпты жасалған іс әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінде қылмыстық теріс қылықтардың келесі тізімі көрсетілген.  Мысал ретінде олардың бірнешеуін алуға болады, атап айтқанда: жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға 108-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру, 109-бап. Ұрып-соғу, 111-бабының 1,2 бөліктерінде Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру, 115-бап. Қорқыту, 117-бап. Соз ауруын жұқтыру, 118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС)жұқтыру, 119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру және т.б.

            Енді қылмыстық  теріс қылықтар туралы істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері ҚР ҚК-нің 55 тарауында нақтыланған. Оларға жеке-жеке тоқталатын болсам; ҚК-тің  525-бабына қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің жалпы қағидаларында айқындалады.

ҚК-нің 526-бабында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысанына мыналар жатады:

1. Егер күдікті белгіленсе, анықтау органы оған қатысты дереу қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасайды. Адамның өзі болмаған кезде хаттама оны нақты белгілеген кезден бастап жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі шегінде жасалуы мүмкін.

2. Қылмыстық теріс қылықтың мән-жайларын, оны жасаған адам, оның тұрған жері туралы деректерді анықтау қажет болған кезде, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама үш тәулікке дейінгі мерзімде жасалады.

3. Сараптама жүргізу немесе маманның қорытындысын алу талап етілетін жағдайда, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама тиісті қорытынды алынған кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.

4. Арасында қылмыстардан басқа, қылмыстық теріс қылық не қылмыстық теріс қылықтар бар бірнеше қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу анықтау не алдын ала тергеу нысанында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, ҚК-нің 527-бабында хаттама жасау тәртібі көрсетілген.Олар:

1. Жасалған қылмыстық теріс қылықтың күдіктіге қатысты мән-жайлары туралы хаттама жасалады, онда: хаттаманың жасалған уақыты мен орны, хаттаманы кімнің жасағаны, күдіктінің жеке басы туралы деректер, қылмыстық теріс қылық жасалған орын мен уақыт, оқиға, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар, қылмыстық теріс қылықтың болғанын және құқық бұзушының кінәсін растайтын нақты деректер, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық құрамының белгілері, жәбірленуші туралы деректер, оған келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері көрсетіледі.

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық теріс қылықтың мән-жайларын анықтау және хаттама жасау үшін күдіктіден, жәбірленушіден, куәлерден жауап алады, күдіктінің жеке басы туралы мәліметтерді талап етіп алдыру және хаттамаға қосып тігу шараларын қолданады, қажет болған кезде – қарап-тексеруді, алуды, осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттер мен тергеу әрекеттерін жүргізеді.

3. Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан анықтау органдары мен соттың шақыруы бойынша келу және өзінің тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы хабарлау міндеттемесі алынуы мүмкін.

Аталған кодексітің 528-бабында хаттаманы сотқа жіберу тәртібі нақтылагған. Олар:

1. Анықтау органының бастығы хаттаманы және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, хаттаманы келіседі, содан соң барлық материалдар танысу үшін күдіктіге беріледі, бұл туралы хаттамада күдіктінің және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қойған қолымен куәландырылған тиісті белгі жасалады.

2. Күдікті хаттамамен және іс материалдарымен танысқаннан кейін анықтау органының бастығы қылмыстық істі дереу прокурорға жібереді.

3. Прокурор қылмыстық істі зерделей отырып – бір тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен ұсталған істер бойынша сегіз сағаттан кешіктірмей, мынадай әрекеттердің бірін жүргізеді:

1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;

2) хаттаманы бекітуден бас тартады және қылмыстық істі осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша тоқтатады;

3) анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қылмыстық істі қайтарады;

4) қылмыстық істі жекелеген күдіктілерге қатысты тоқтатады, ол туралы тиісті қаулы шығарып, оның көшірмелерін мүдделі тұлғаларға жібереді және қылмыстық істі сотқа жібереді.

Күдікті осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен ұстап алынған жағдайда, қылмыстық теріс қылық туралы іс күдікті нақты ұстап алған кезден бастап отыз алты сағаттан кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.

Ал енді, ҚК-тің 529-бабына сай қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдеріне тоқталатын болсам; Бірінші іс сотқа келіп түскеннен кейін судья істі іс жүргізуге қабылдап және қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кірісе отырып:

1) істі кімнің қарайтынын, қай істің қаралуға жататынын, кімнің және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қай бабының негізінде жауаптылыққа тартылатынын жариялайды;

2) сотталушының, сондай-ақ істі қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгеніне көз жеткізеді;

3) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және заңды өкілдері болған кезде – олардың, қорғаушының өкілеттігін тексереді;

4) іс бойынша іс жүргізуге қатысатындардың келмеу себептерін анықтайды және істі көрсетілген адамдардың қатысуынсыз қарау туралы не істі қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;

5) қажет болған жағдайларда істі қарау кезінде қатысуы міндетті болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы қаулы шығарады, аудармашы тағайындайды;

6) істі қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

7) мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешеді;

8) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, ал қажет кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;

9) мыналарға: егер судьяға қарсылық білдіру істің мәні бойынша қаралуына кедергі келтіретін болса, оның өздігінен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлімдеуге; егер қорғаушыға, уәкілетті өкілге, сарапшыға немесе аудармашыға қарсылық білдіру істің мәні бойынша қаралуына кедергі келтіретін болса, көрсетілген қарсылық білдіруге; істі қарауға қатысатын адамдардың келуі немесе іс бойынша қосымша материалдар талап етіп алдыру қажеттігіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады. Қажет болған жағдайда, судья сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.

Екіншіден, Судья қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кірісе отырып, сотталушыны, іс бойынша іс жүргізуге қатысатын басқа да адамдарды, маманның түсінігін және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге дәлелдемелерді зерттейді. Қажет болған жағдайларда, осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттерді жүзеге асырады.

Үшіншіден қылмыстық теріс қылықтар туралы істер сотқа келіп түскен кезден бастап он бес тәулік ішінде сотта қаралуға жатады.

Процеске қатысушылардың өтінішхаттары келіп түскен не істің мән-жайын қосымша анықтау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі ұзартылуы, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Төртіншіден, жазалау ретінде Қазақстан Республикасынан тысқары шығарып жіберу көзделген, сондай-ақ ол бойынша күдікті осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен ұстап алынған қылмыстық теріс қылықтар туралы істер сотқа келіп түскен күні қаралады.

Бесіншіден, сот қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді қараған кезде прокурордың қатысуы міндетті.

Сонымен қатар, судья қылмыстық теріс қылық туралы істі қарап шығып:

1) осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртіппен айыптау немесе ақтау үкімін шығарады;

2) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде істі тоқтатады;

3) қылмыс белгілері анықталған кезде істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешу үшін тиісті прокурорға жібереді.

Жетіншіден, соттың қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шығарған үкімі өзінің нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 388 және  389-баптарыныңталаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сегізінші қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шешім істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады. Іс бойынша шешімнің көшірмесі сотталушыға, жәбірленушіге және прокурорға дереу табыс етіледі. Көрсетілген адамдар болмағанда, шешімнің көшірмесі оларға үш тәулік ішінде жіберіледі.

Және де келесі, қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша соттың шешіміне тараптар осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасай алады.

Енді сот тәжірибесіне келетін болсам, 2015 жылы соттың өндірісіне барлығы 264 қылмыстық теріс қылық туралы істер түскен, 230 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылса, 14 қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 68 бабының талаптарына сай қысқартылған, ал 14 қылмыстық іс прокуратура органына кері жолданған (іздеужариялауға).

Ал, 2016 жылға 316  қылмыстық теріс қылық туралы істер түскен, оның ішінде 257 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылса, 42 қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 68 бабының талаптарына сай қысқартылған, ал 14 қылмыстық іс прокуратура органына кері жолданған (іздеу жариялауға).

 

 

Ақтөбе облыстық,

Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы                                            Е.С. Бақытжан